Шахмат-екі адамға арналған логикалық-спорттық ойын. Ол арнайы 64 тор көзден тұратын тақтада ойналынады.Көбінесе тақта шаршылары ақ және қара түсті болады.Әр ойыншыда 16фигурадан болады:1патша (король),1ханша (ферзь),2ладья,2ат (конь),2піл (слон) және 8 жаяу әскер (пешка).Мақсат-қарсыластың патшасына шах қойып,тығырыққа тірейтіндей мат қою.
Шахмат спорт түрі ғана емес,сонымен қатар ғылым мен өнерді қамтиды.Ол адамның ойлау қабілетін,логикасы мен шыдамдылығын дамытады. Шахмат тарихы б.з V-VI ғасырларында Үндістанда басталған.
1)Ең алғашқы нұсқасы «чатуранга» деп аталған.Бұл ойын төрт әскер түріне ғана негізделген.
2)VI ғасырда Үндістаннан Парсыға өтті.Мұнда ол «шатрандж» деген атаумен белгілі болды.«Шахмат» сөзі депарсы тілінен шыққан:«шах мат»-патша қашып құтыла алмады дегенді білдіреді.
3)VII-VIII ғасырларда арабтар шатранджты үйреніп,ислам әлеміне тарата бастады.Кейін VIII-IX ғасырларда арабтар Испанияға келген кезде шахмат Еуропаға өтті.Орта ғасырларда Еуропадағы шахмат көптеген өзгерістерге ұшырады:фигуралардың жүрістері жеңілдетіліп,ойын жылдам әрі қызығырақ бола түсті.XVғасырда Испания мен Италияда кеңінен таралып,заманауи түрі пайда болды.
5)XVI-XVIII ғасырларда алғашқы шахмат кітаптары шықты.Ал XIX ғасырдан бастап халықаралық турнирлер ұйымдастырыла бастады.1886 жылы алғашқы ресми әлем чемпионы Вильгельм Стейниц атанды.1924 жылы FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) құрылды.
Қазіргі таңда шахмат ойыны әлі күнге дейін дамуда. Әлем шахматы бойынша статистиканың топ-3 ойыншы елдері:
1.АҚШ-2728 ойыншы
2.Үндістан-2725 ойыншы
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Махфуза Еркінқызы
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі